Ұлы Моғолдар патшалығы
XVI—XIX ғасырларда қазіргі Үндістан, Пәкістан, Бангладеш және Ауғанстан аймақтарында Тимур әлеті билік құрған мемлекет / From Wikipedia, the free encyclopedia
Моғол әулеті, ұлы Моғолдар әулеті – 16 – 19 ғасырларда Үндістанды билеген әулет. Негізін салушы – Заһир әд-Дин Мұхаммед Бабыр. Темір әулетінен шыққан, әкесі Омар Шейх (1456 – 95) Әмір Темірге туажат, анасы Құтлұқ Нигар ханым Жүніс ханның үлкен қызы. Бабыр Ферғананың әмірі болды. 1504 жылы Мұхаммед Шайбани бастаған Дешті Қыпшақ тайпалары Бабырдан Ферғананы тартып алды. Ол өзіне берілген жауынгерлермен оңтүстікке жылжып, Кабулды иеленді. 1512 жылы Бабыр әскерлері Самарқандты басып алды. Бірақ келесі жылы жеңіліп, кейін қайтты. Содан кейін Бабыр түркі тайпалары мен ауғандықтарды бастап Үндістан жерін жаулауға кірісті (1518 – 19, 1524 – 25). Ол кезде Үндістан бытыраңқы ел болатын. Оның солтүстік аймақтарында мұсылмандар билеген бірнеше мемлекеттер өмір сүрді. Өзара қырқыстағы билеушілер Бабырға сүйенбек болып, оны көмекке шақырды. Бабыр қолы 1526 жылы Панипат жазығында Ибраһим ІІ-ні, 1527 жылы раджпуттарды жеңіп, Пенджаб, Лахор, Дели, Агра жерлеріне ие болды. Сөйтіп, Бабыр және оның ұрпақтары Ауғанстанның тең жартысын, Үндістанның солтүстігін, орталық аймақтарын біріктіріп, ірі империя құрды. Олар Моғолстаннан шыққандықтан Үндістанда және Еуропада ұлы моғолдар деген атпен аталды. Моғол әулеті билеген кезеңде Үндістан әлемге әйгілі болды. Оның белгілі сұлтандары: Бабыр (1526 – 30), Құмайын (1530 – 56), Акбар (1556 – 1605), Жаһангер (1605 – 27), Жаһан шаһ (1627 – 58), Аурангзеб (1658 – 1707), Баһадүр шаһ (1707 – 12), Жаһандар шаһ (1712 – 13), Фаррух Сий-Сийяр (1713 – 19), Насыр әд-Дин Мұхаммед (1719 – 48), Ахмад шаһ Баһадүр (1748 – 54), Әзиз әд-Дин Аламгир ІІ (1754 – 59), Жәлел әд-Дин Әли Жауһар шаһ Алам (1759 – 1806), Акбар ІІ (1806 – 37), Сираж әд-Дин Баһадүр ІІ (1837 – 58). 18 ғасырдың ортасында ұлы моғолдар империясы ыдырай бастады. Ақырғы сұлтан Баһадүр ІІ Үндістан халқының ағылшындар үстемдігіне бағытталған көтерілісін басқарды. Көтеріліс басылған соң оның ұлдары ағылшындар қолынан қаза тапты, ал Баһадүр ІІ Бирмаға айдалып, сонда қайтыс болды.
Ұлы моғолдар империясы گورکانیان (Парсыша) مغلیہ سلطنت (Урду) Империя | |||||||||||||||||||||||||||||||||||
| |||||||||||||||||||||||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
| |||||||||||||||||||||||||||||||||||
Моғол империясы Аурангзеб басқарған жылдары | |||||||||||||||||||||||||||||||||||
Астанасы | Агра (1526–1571) Фатехпур Сикри (1571–1585) Лахор (1585–1598) Агра (1598–1648) Шаһджаһанабад/Дели (1648–1857) | ||||||||||||||||||||||||||||||||||
Тіл(дер)і | Парсыша (ресми тіл)[1] Шағатайша (тек басында) Урду (кейінгі кезеңде) | ||||||||||||||||||||||||||||||||||
Діні | Ислам (1526–1582) Дин-и илләхи (1582–1605) Ислам (1605–1857) | ||||||||||||||||||||||||||||||||||
Ақша бірлігі | Рупия | ||||||||||||||||||||||||||||||||||
Аумағы | 4 500 000 км² | ||||||||||||||||||||||||||||||||||
Халқы | 150 000 000 | ||||||||||||||||||||||||||||||||||
Басқару формасы | Абсолюттік монархия, федерациялық структурасы бар унитарлы мемлекет | ||||||||||||||||||||||||||||||||||
Император[2] | |||||||||||||||||||||||||||||||||||
- 1526–1530 | Бабыр Бек (алғашқы) | ||||||||||||||||||||||||||||||||||
- 1837–1857 | Баһадүр шаһ II (соңғы) | ||||||||||||||||||||||||||||||||||
Тарихы | |||||||||||||||||||||||||||||||||||
- 21 сәуір 1526 | Панипат түбіндегі шайқас | ||||||||||||||||||||||||||||||||||
- 10 мамыр 1857 | Үнділер көтерілісі | ||||||||||||||||||||||||||||||||||
Мирасқорлық | |||||||||||||||||||||||||||||||||||
Ауғанстан → Бангладеш → Үндістан → Непал → Пәкістан → | |||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Ұлы моғолдар империясы — Үндістан аумағында өмір сүрген ірі мемлекет (1526 — 1858) Дели сұлтандығы ыдырағаннан кейін құрылған. Негізін Темір әулетінен шыққан Захир әд-Дин Мұхаммед Бабыр қалады. Бабыр мен оның ұрпақтары Моғолстаннан шыққандықтан үнділіктер (оларды “мухгал” деп атаған) мен еуропалықтарға Ұлы Моғолдар деген атпен белгілі болды. Ұ. М. и. барынша ұлғайған кезінде аумағы оңт-ндегі шағын князьдіктер мен патшалықтардан басқа Үндістан түбегін түгелге дерлік қамтыды.