Ұлыбритания консервативті партиясы
ұлыбританиялық саяси партия / From Wikipedia, the free encyclopedia
Консервативті және юнионистік партия (ағылш. Conservative and Unionist Party, кейде Торилер делінеді, ағылш. The Tories[7]) — ұлыбританиялық консервативті,[1] юнионистік[2] және оңшыл центристік[3][4][5] саяси партия. 2019 жылғы парламент сайлауында жеңіске жеткен бұл партия 2010 жылдан бері билікте. Партия түрлі идеологиялық фракцияларды қамтиды, соның ішінде тэтчершілер және дәстүрлі консерваторлар да бар.
Консервативті партия | |
ағылш. Conservative Party | |
Басшысы | |
---|---|
Негізін салушы | |
Құрылған жылы |
1834 (тұңғыш құрылды) |
Штаб-пәтері |
4 Мэттью Паркер көшесі, Лондон SW1H 9HQ |
Идеологиясы |
консерватизм[1] |
Интернационалы |
Еуропалық консервативтер және реформистер альянсы |
Жастар ұйымы |
Жас Консерваторлар |
Мүшелер саны |
▲172,437 (2022)[6] |
Лордтар палатасы |
269 / 784 |
Қауымдар палатасы |
350 / 650 |
Сайты |
Консервативті партия 1834 жылы Тори партиясынан құрылды және Либералды партиямен бірге 19 ғасырдағы екі басым саяси партияның бірі болды. Бенджамин Дизраэлидің тұсында ол Британ империясының шыңында саясатта маңызды рөл атқарды. 1912 жылы Либералды юнионистік партия партиямен бірігіп, Консервативті және юнионистік партияны құрады. 1920 жылдардан бастап Лейбористік партиясы консерваторлардың басты бәсекелесі болды және консерваторлар-лейбористер саяси бәсекелестігі өткен ғасырдағы қазіргі британ саясатын қалыптастырды.