Ұлтшылдық
From Wikipedia, the free encyclopedia
Ұлтшылдық (кейде Национализм, ағылш. Nationalism) — саяси және ұлттық бірліктер сәйкес келуі керек дейтін, ұлттық бірлік пен дамуға талпынатын, ұлттық идентити мен құқықты қорғайтын саяси принцип.
Ұлтшылдық идеологиясы бойынша ұлт пен ұлттық мемлекет әлеуметтік-саяси ұйымдасудың ең заңды әрі қалаулы бірліктері болып табылады және осы бойынша бүкіл әлеммен қабылдану керек. Адамдар игілікке, тұрақтылыққа, бақытқа тек ұлт құрамында, ұлттық мемлекеттерде қол жеткізеді деп түсіну қалыптасқан. Тарихи тұрғыдан бұл халықтың мемлекетпен байланысы біртіндеп саяси құрылымның бұрынғы түрлерін тықсырып шығарды. Басқа жағынан, ұлттық мемлекет идеалына тек онда бір ұлт қалған жағдайда жетуге болады. Ұлтшылдық мемлекеттілік институтын нығайтты.[1]
Ұлтшылдық - географиялық және кейбір елдерде демографиялық аймақтың маңыздылығын анықтайтын және сонда бірге тұратын халықтың ортақ салт дәстүріне және/немесе ұлысына тәуелсіздікті қалайтын ортақ топтық сезім. Басқа сөзбен, ұлтшылдық - жеке адамның өз ұлтына қарата мақтаныш және жауапкершілік сенімі немесе дамыту және құқық қорғау идеологиясы деп айтуға болады. Ұлтшылдық ұлттық сәйкестендіруді тұспалдайды, оған қарама-қарсы патриотризм әлеуметтік шарттастықты және мемлекеттің қадамдары мен шешімдерін қолдайтын жеке адамның мінез-құлқын білдіреді.
Саяси немесе әлеуметтік көзқарастардан қарағанда, ұлтшылдықтың пайда болуы туралы және оның негізгі ұғымдары туралы екі көзқарас бар. Бірінші, примордиалистік көзқарас ұлтшылдықты ежелгі эволюциялық беталыс жағынан көріп, адамдар туған туыстан құрайтын бөлек топтарға бөлінеді деген ойды қолдайды. Келесі, модернистік көзқарас ұлтшылдықты, өзінің бар болуы үшін қазіргі қоғамда құрылымдық жағдайлардың болуын талап ететін, жаңа құбылыс деп санайды.
Осы екеуіне альтернативтік көзқарас ортақ теориясында табылады. Осы теория бойынша ұлтшылдықтың құрылысы біздің заманымыздан шыққан, бірақ оның мағынасы мен cубъективті қамтуы примордиалистік сезімдеріне байланысты.
Ұлт - сөзінің өз мағыналары өте көп, сондықтан ұлтшылдық деген сөздің бірнеше бағыттары бар.
Кейбір мемлекеттерде азаматтық тек қана бір этникалық, мәдени, діни, немесе өздерін жеке куәландыратын топқа қана жататын ұғым. Алайда, мемлекет көпұлттық саясатты енгізсе ұлттық азшылықтар өздерінің ұлттық жеке қасиеттерін еркін түрде білдіре алады. Тарихи даму тұрғысынан, ұлттық бірегейлік қабылдануы ықпалды топтардың, олардың белгіленген әлеуметтік тапсырыс және олардың мүшелерінің сол әлеуметтік тапсырыстың тәжірибесі арасындағы сәйкессіздіктен, қалыптасқан дәстүрлі ұғымдарымен қанағаттандырылмағанның нәтижесінде болған, өз жағынан бұл жәйт ұлтшылдар шешуге тырысатын аномия жағдайға келтірді. Аномия нәтижесінде қоғам немесе қоғамдар біріккен бірлестікті құру үшін өздерінің жеке ұғымдарын жаңадан талдайды да оның ішінде жарамды элементтерін қалдырады, ал жарамсыз элементтерін жояды. Бұл даму ішкі құрылымдық мәселелерінің нәтижесінде немесе бар топтың немесе топтардың басқа қоғамдастықтарға қарай нараз болуынан, әсіресе оларды шетелдік державалар басқаратын болса немесе басқарады деп ойласа, пайда болды.
1983 жылы бұл анықтаманы Э. Геллнер ұсынды және ол әлі күнге дейін қолданыста. Көрсетілген "бірліктер" ұлттық мемлекет пен ұлтқа сәйкес келеді. Бұл идеалға жетудің екі негізгі жолы бар.
- Біріншіден, мемлекет халқын азаматтарға айналдыру. Азаматтық ұлтшылдықтың бұл түрінде азаматтық ұлтпен сәйкес келеді, ал, азаматтар жиынтығы ұлтпен сәйкес келеді. Осылайша, мемлекет ұлттық мемлекетке айналады.
- Екіншіден, этникалық ұлтшылдық шеңберінде белсенді топ діні, тілі, салт-дәстүрі, әдет-ғұрпымен анықталатын этникалық шығу тегіне негізделген ұлттық қозғалыстар құруы мүмкін. Ұлтты құрушылардың айтуынша, ұлтты қандай да бір этнос құрамына кіретіндер (кіреді деп саналатындар) құрайды. Егер халықтың осы бөлігі бұл көзқараспен келіссе, ол ұлтқа айналады.[2]
Ұлттық ту, ұлттық әнұран және басқа ұлттық рәміздер ұлттық қоғамадастықтың өте маңызды бейнелері деп саналады.