Ұзын пышақтар түні
From Wikipedia, the free encyclopedia
«Ұзын пышақтар түні» (нем. Nacht der langen Messer; Рём бүлігі — нем. Röhm-Putsch) — 1934 жылы 30 маусымда Адольф Гитлер өткізген қарсы шығушы штурмдық отрядтарын (СА) жою операциясы. СА-ның күшті болып кетуінен сақтанып, Гитлер өзінің СС-іне ұйымның көшбасшыларын Э. Реммен қоса жоюға бұйрық берген.
Бұл түнде Гитлердің ондаған басқа да дұшпандары — К. Фон Шлейхер мен О. Штрассер қоса өлтірілген. «Ұзын пышақтар түні» операциясы кезінде барлығы 90 адам өлтірілген.