Үнді-Ганг жазықтығы
From Wikipedia, the free encyclopedia
Үнді-Ганг жазықтығы (Һинди тілінде: Sindh Ganga ka Maidan) солтүстік және шығыс Үндістанның, Пәкістанның халық ең тығыз қоныстанған аймақтарын және Бангадешті түгел дерлік қамтып жатқан ауқымды және топырағы құнарлы аллювийлі жазықтық. Бұл аймақ өзін сумен қамтамасыз ететін Инд және Ганг өзендерінің аттарымен аталған.
Үнді-Ганг жазықтығы солтүстік жағынан Гималай тауларымен шектелген. Оның көптеген өзендері Гималайдан бастау алады. Екі үлкен өзен жүйесінің бүкіл аймаққа алып келетін құнарлы аллювиінің көзі де сол. Жазықтықтың оңтүстік жағы Виндхъя және Сатпура тау жотасымен және Чота Нагпур платосымен көмкерілген. Батысында Иран платосы орналасқан.
Бұл аймақ Жер ғаламшарындағы ең тығыз қоныстанған аймақтардың бірі. Онда шамамен 900 миллион адам тұрады, бұл бүкіл Жер тұрғындарының 1/8-ін құрайды.