Қырғыз Алатауы
From Wikipedia, the free encyclopedia
Қырғыз Алатауы, Қырғыз жотасы (қыр. Кыргыз Ала-Тоо) — Қырғызстандағы таулы жота. Батыс бөлігінің солтүстік беткейі Қазақстан жерінде (Жамбыл облысы). Жалпы ұзындығы 375 км (шамамен 160 км бөлігі Қазақстан аумағында, Аспара асуы). Батысында Тараз қаласы атырабынан басталып, шығысында Шу өзенінің аңғарындағы Боам шатқалына тіреледі. Жотаның биік жері шығысындағы Батыс Аламедин шыңы (4875 м). Қазақстандағы ең биік жері Меркі өзенінің бастауындағы шың (4102 м)
Quick Facts Сипаттамасы, Тау жүйесі ...
Қырғыз Алатауы | |
Қырғыз Алатауы | |
Сипаттамасы | |
---|---|
Тау жүйесі | |
Ұзындығы |
375 км |
Ең биік шыңы |
Батыс Аламедин |
Биіктігі |
4857 м |
Орналасуы | |
42°22′00″ с. е. 74°35′00″ ш. б.42.36667° с. е. 74.58333° ш. б. / 42.36667; 74.58333 (G) (O) (Я) (T) | |
Елдер | |
Close