Қырғызстандағы туризм
From Wikipedia, the free encyclopedia
Қырғызстанның таулары мен көлдері танымал туристік бағыт болып табылады және елдің туристік индустриясы қарқынды дамып келеді. 2000 жылдардың басында, әр жаз сайын елге орта есеппен 450 000 турист келетін, қазір Қырғыз еліне жылына бір жарым, екі миллионға дейін турист келеді.[1] Еуропа және әлемнің өзге аймағынан келген туристер көбіне тауға шығып, мәдени-танымдық тұрғыда байытатын орындарға баруға тырысады.[2]