Қолмен-көтерілу
From Wikipedia, the free encyclopedia
Қолмен-көтерілу (ағылш. push-up, немесе ағылш. press-up, орыс. Отжимания) — бұл еңбектеген күйде екі қолдың көмегімен жасалатын қарапайым калистеникалық шынығу әдісі. Денені қос қолдың көмегімен, немесе бір қолдың көмегімен көтеру және түсіру арқылы жасалған қолмен-көтерілу машығы арқылы кеуде бұлшықеттері, иық трицепс бұлшықеті және алдыңғы дельта бұлшықеті шынықтырылады, бұл сондай-ақ дельталардың қалған бөліктеріне, serratus anterior, coracobrachialis қатарлыларға қосымша қуат береді. Қолмен-көтерілу - бұл күнделік азаматтық спорттық жаттығуларда, немесе дене тәрбиеде, сондай-ақ әскери дене тәрбиеде кең қолданылатын негізгі жаттығу түрі. Ол сондай-ақ әскери істерде, мектеп спортында және жекпе-жек өнерінің кей түрлерінде жаппай қолданылатын жаза түрі есептеледі.