Қара құрдым
жойқын тартылыс күші арқылы бүкіл материя мен жарық нұрын еш жібермей өзіне тартып ала алатын массасы өте ауыр жұлдыз дене / From Wikipedia, the free encyclopedia
Қара құрдым (ағылш. black hole) — жойқын тартылыс күші арқылы бүкіл материя мен жарық нұрын еш жібермей, өзіне тартып ала алатын, массасы өте ауыр жұлдыз дене (үңгір емес).
Бұл мақаланы не бөлімді, мәтінінің грамматикасын, мәнерін, байланыстылығын, екпіндеуін не емлесін дұрыстау керек. Сіз бұны өңдеп көмектесе аласыз. |
Массасы белгілі шамадан жоғары тұрақты жұлдыз өзінің термоядролық реакциясына қажетті отыны таусылған соң тартылыс күшінің әсерінде ішіне қарай шұғыл жемірілуден деформацияланып қара құрдым пайда болады. Қара құрдымның массасы өте жоғары, тартылыс күшінің өрісі тым жойқын болғандықтан, ешқандай материя, магнитті толқын, жарық жылдамдығында қозғалады делінетін жарық радиациясы одан қашып құтыла алмайды (оның бетіне түскен жарық ешқашан кері шағылыспайды), сыртқа еш жарық шығармайды. Құрдымның "қара" деп аталу себебі: ол оқиға көкжиегіне (Event Horizon) түскен бүкіл жарықты сорып алады, жарық шағылыспағандықтан, оны термодинамикадағы абсолютті қара дене ретінде қарастыруға болады. Демек, ол қап-қара дене болып ештеңені, тіпті өзін де көрсетпейтіндіктен, "қара тесік" деген мағынада "black hole" деп аталған. Қазақша "құрдым" сөзі "біткен, құрыған, жоғалтушы, жоюшы, тауысушы, ақырластырушы" мағынасында айтылған.
Қара құрдымның айналысында математикалық жолмен дәлелденген оқиға көкжиегі (Event Horizon) деген қабат бар, ол оқиғалардың енді ары қарай айқындалмайтын, оның ар жағын бақылау, өлшеу мүмкін емес шек-шекарасы өңірі есептеледі. Квант өрісі теориясы оқиға көкжиегі радиация бөлетінін дәлелдейді, сонымен қатар айрықша температуға да ие болатыны айқындалған. Осы температура Қара құрдымның массасына кері пропорционал болғандықтан, олардан бөлінетін радиацияның мөлшерін анықтау қиынға соғады.
Жұлдыздық дене Ғаламатжұлдыз ретінде жарылыс жасағанда нейтрондар арасындағы өзара тебу күші сыртқы қысу күшінен асып кетеді де, ол жоғары тығыздыққа ие нейтрон жұлдызына айналады. Сол кезде осынау жойқын қысым күшіне ештеңе төтеп бере алмайды да, жұлдыз үздіксіз кішірейіп, ең соңында Қара құрдымға айналады. Қазірге дейін ең кішкене қара құрдым 3.8 күн массасына тең.
Қара құрдымды тіке бақылау мүмкін емес, бірақ жанама тәсілдер арқылы оның бар екенін, шамасын, оның басқаларға қаншалық күш түсіріп жатқанын зерттеуге болады. Зат (жұлдыз) әдетте жұтылудан бұрын жоғары температураға ие ультракүлгін сәулесі мен рентген сәулесін төңірегіне шығара бастағанда, оның Қара құрдымның ырқына құлай бастағаны белгілі болады. Қара құрдымның белгісі тұрақты жұлдыздар мен галактикалардың, тұмандықтар мен жұлдыздар тобының Қара құрдым төңірегінде үйіріліп, өз орны мен массасынан айырыла бастағанда, жанама түрде Қара құрдымның бар екендігі айқындалады.
Қара құрдым — қазіргі физика тарихында жұрттың жаппай назарын аударған тақырыптардың бірі. Фантазиялық әдебиетте, кинода, тіпті БАҚ-тарда қара құрдым туралы айтылымдар көп кездеседі. Бүгінге дейін Қара құрдымды астрономия, физика және астрофизика саласындағы көптеген зерттеушілер бірдей қолдады және ол туралы көптеген есептеулер мен бақылау қорытындыларын жариялады. Ақыры адамзат Қара құрдымның кескінін де суретке түсіре бастады.