Қарамойын сұқсыр
From Wikipedia, the free encyclopedia
Қарамойын сұқсыр (лат. Podiceps nigricollis) – Сұқсыр үйректер тұқымдасының Сұқсырлар туысына жататын жоны – қошқыл, қаралтым, бауыры – ақ, орташа денелі (300-420 г) құс. Бастың екі жағында татреңді сарғыш қауырсындар будасы орналасқан.
Қарамойын сұқсыр | ||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Podiceps nigricollis nigricollis, adult breeding plumage
Podiceps nigricollis californicus, adult non-breeding plumage
| ||||||||||||||
Амандық күйі | ||||||||||||||
Ғылыми топтастыруы | ||||||||||||||
| ||||||||||||||
Екі-есімді атауы | ||||||||||||||
Podiceps nigricollis Brehm, 1831 | ||||||||||||||
Range of P. nigricollis
Breeding Year-round Winter |
Қамыс, қоға, құрақ өскен тоқтау сулы немесе су нашар ағатын жазықтық суқоймаларда, Қазақстанның бүкіл аумағына дерлік қарамойын сұқсырлар орын тебеді. Бұлар – сұқсырлар ішіндегі ең қауымшыл құстар: 5-6-дан бірнеше жүздеген жұптарға дейін шоғырлар түзіп. Олардың арақашықтығын 1 метрге дейін алшақтата қоныстанады. Су маңындағы шағалалар, қырқылдақтар, үйректер тәрізді басқа құстармен көршілес жайбарақат өмір сүреді. Суда қалқып жүретін ұяларына 3-6 ашық жасылдау түсті жұмыртқа салады. Бірнеше күндерден кейін ата-енелері өздері болмайтын уақытта ұяны бүркемелеген өсімдіктердің шіруінен жұмыртқалар қоңыр түске боялады. 3 аптадан соң басылған жұмыртқалардан жолақты балапандар жарып шығып, денесі кеуіп үлгерместен суға беттейді. Бұл сұқсырлар жәндіктермен – су бунақденелілері, ұлулармен, т.б. қоректенеді, балық шабақтарын негізінде балапандарды қоректендіру кезеңінде аулайды[2].