Қала-мемлекеті
From Wikipedia, the free encyclopedia
Қала-мемлекеті — қаламен басқарылатын (ереже бойынша, бір орталыққа бағынатын) және әдетте тәуелсіз мемлекет болып табылатын кішігірім территория. Тарихи қала-мемлекеттер көбінесе мәдени облыстардың және әр түрлі саяси одақтардың бір бөлігі болып табылған, мысалы:
- Ежелгі Месопотамия, Финикия немесе майяның қала-мемлекеттері;
- Ежелгі грек полистері;
- Италияның Орта ғасырлардағы және Ренессанс дәуіріне жататын қала-коммуналары;
- Орта ғасырлардағы Германияның ерікті қалалары.
Әдетте қала-мемлекеттері ежелгі замандарда және ортағасырларда кездескен. Алайда болашақ тәуелсіз мемлекеттер, ресми немесе бейресми одақтарға бірігіп отырған. Кейбір кездерде империялар немесе одақтар (конфедерациялар және федерациялар) тікелей аннексия нәтижесінде құрылған (мысалы, Микен өркениеті немесе Рим республикасы), ал кейбір жағдайларда өзара қорғаныс мақсатында, ерікті альянс ретінде құрылған (Пелопоннес, Афина және Беотия одақтары).
Орта ғасырлардағы қала-мемлекеттері — ерікті қалалар және қала-коммуналар — орта ғасырлардағы Германияның, Италияның және Ресейдің ерекшелігі болған. Олардың көбісі Ганза одағына мүше болған.