Қазақстандағы ЮНЕСКО Әлемдік мұра нысандар тізімі
From Wikipedia, the free encyclopedia
ЮНЕСКО Әлемдік мұра тізімінде Қазақстанның 6 нысаны бар. Үш нысан тізімге мәдени талаптар бойынша енгізілсе, тағы үшеуі табиғи талаптар бойынша іліккен. Бұдан басқа, 2017 жылғы жағдайына сәйкес Қазақстан территироиясындағы 13 нысан Әлемдік мұра тізіміне үміткер ретінде тіркелген.[1] Қазақстан Республикасы әлемдік мәдени және табиғи мұраларды қорғау жөніндегі Конвеницияны 1994 жылдың 29 сәуірінде ратификациялаған.[2]. Қазақстан территориясындағы орналасқан алғашқы нысан тізімге 2003 жылы ЮНЕСКОның Әлемдік мұра Комитетінің 27-ші сессиясында қабылданған.