Этан
From Wikipedia, the free encyclopedia
Этан, C2H6 (Н3C–СН3), қаныққан көмірсутек – мұнайдың, табиғи газдың құрамында болатын органикалық қосылыс; түссіз, иіссіз газ, балқу температурасы –183,27°С, қайнау температурасы –88,63°С. Суда, спиртте нашар ериді. Этан 575 – 650°С температурада этилен және сутекке ажырайды: С2Н6 → С2Н4+Н2, одан жоғары температурада ацетилен, ароматты көмірсутектер, күйе, т.б. түзіледі. Ол өнеркәсіпте құрамында 5 – 10%-ға дейін этан болатын мұнай және табиғи жанғыш газдардан алынады. Этан спирттер, эфирлер, жасанды каучук, жасанды шайыр, т.б. заттар алуда шикізат ретінде пайдаланылады.[1]