Эрнест Хемингуэй
From Wikipedia, the free encyclopedia
Эрнест Миллер Хемингуэй (ағылш. Ernest Miller Hemingway; 21 шілде 1899(18990721), Оук-Парк, Иллинойс — 2 шілде 1961, Кэтчам, Айдахо, АҚШ) — америкалық жазушы, журналист, 1954 жылғы Әдебиет бойынша Нобель сыйлығының лауреаты.[2]
Эрнест Хемингуэй | |
ағылш. Ernest Hemingway | |
Туған күні | |
---|---|
Туған жері | |
Қайтыс болған күні | |
Қайтыс болған жері | |
Азаматтығы | |
Мансабы | |
Шығармашылық жылдары |
1917—1961 |
Бағыты | |
Жанры | |
Шығармалардың тілі | |
Марапаттары | |
Қолтаңбасы | |
Ортаққордағы санаты: Эрнест Хемингуэй |
Әдебиет тарихында жоғалған ұрпақ деп аталып кеткен ағымның басты өкілі ретінде осы Хемингуэйды атауға болады. Бірінші дүниежүзілік соғыс салдарынан сенімдерінен айырылып, махаббаттарын жоғалтып, сенделіп, мəңгіріп қалған жазушы-ақындар шығармаларында сол заманның пессимистік келбетін бейнелеген.[3]
Жеті роман жазып, төрт әйелмен бас құраған, үш соғысты көрген, екі рет қатерлі ұшақ апатынан аман қалған жазушы отбасының ортаншысы еді. Майдан кешкен жан бола тұрып, соғыстың қатыгез картинасын емес, оның салдарынан зардап шеккендердің «бейбіт өмірін» басынан өткізді. Кейіпкерлерін табанды, батыл, жаужүрек қылып көрсете білді.[4]
Хемингуэй Бірінші және Екінші дүниежүзілік соғыстарға қатысқан, Испанияда бомбаның астында аман қалып шыққан, Германияны бомбалаған ұшақтарда болған, америкалық әскер Нормандияға басып кіргенде, француз партизандарының тобын басқарып, Парижді азат етуге қатысқан. Талай елге саяхат жасап, Еуропада, Кубада, Африкада бірнеше жыл бейбіт өмір сүрген, содан болар, шығармадағы басты кейіпкерлері америкалықтар болғанымен, оқиғасы өзге өңірлерде өрбігенін суреттеген.[5]