Эпистрофей
From Wikipedia, the free encyclopedia
Эпистрофей (грек. epіstrepho – бұрамын, айналамын және лат. axіs – білік омыртқа) — екінші мойын омыртқа. Эпистрофей омыртқа денесінен, омыртқа доғасынан және олардың арасындағы омыртқа тесігінен тұрады. Омыртқа денесі жақсы дамыған. Эпистрофей денесінің алдыңғы жағында бірінші мойын омыртқамен (атлант) қарапайым айналмалы буын арқылы байланысқан тісше өсіндісі болады. Тісше өсіндісінің білігі бойымен атлант және буын арқылы байланысқан бассүйек бірге айналып тұрады. Осының нәтижесінде адам мен жануарлар басын жан-жаққа бұра алады.[1]