Эдуард Уади Саид
From Wikipedia, the free encyclopedia
Эдуард Уади Саид (1 қараша 1935 — 25 қыркүйек 2003, ағылш. Edward Wadie Said, араб.: إدوارد وديع سعيد) — америкалық әдебиет және музыка сыншысы, мәдениеттанушы, пианист және интеллектуал. Тегі араб елдерінен тарайды. Әлемге әйгілі «Ориентализм» шығармасының авторы. Бұл кітапта Батыс мемлекеттерінің Гығыс туралы қалыптасқан таным принциптерін және батыс ғылымынын колониалдық саясатты ақтағаны және қолдағаны үшін сынайды.
Эдвард Саид | |
Edward Said | |
Туған кездегі есімі |
Edward Wadie Said |
---|---|
Туған күні | |
Туған жері | |
Қайтыс болған күні |
25 қыркүйек 2003 (2003-09-25) (67 жас) |
Қайтыс болған жері |
Нью-Йорк, АҚШ |
Колумбия университетінің профессоры. Америка Лингвистика Академииясының президенті ретінде қызмет етті. Америка ғылым және өнер Академиясына мүше, Америкалық Философия қоғамына мүше. Ғалымның ориенталистік көзқарастарының негізін тереңінен білу үшін де оның өміріне назар аударған жөн. Өйткені ол Батыс әлемінің Шығысқа деген ұстанымын, ғұмырының жартысынан көбін Америкада өткізуі арқылы «Шығыс адамы» ретінде басынан өткерді. Эдуард Саид 1935 жылы Иерусалимде христиан отбасында дүниеге келген. Бастауыш және орта білімін Мысырда ағылшын тілінде білім беретін отарлаушылардың мектебінде алды. Кейін Принстон мен Гарвард университеттерінде жоғары білімге ие болды. Университетте білім алып жүргенде жазғы демалысын Ливанға қоныс аударған отбасының жанында өткізіп, онда әдебиет, музыка мен философияны үйренетін[1].