Шырмалғыш өсімдіктер
From Wikipedia, the free encyclopedia
Шырмалғыш өсімдіктер — сабағымен бір тірекке оралып, жерден едәуір биікттікке дейін көтеріліп өсетін шөптесін не ағаш тектес өсімдіктер. Шырмалғыш өсімдіктердің бұл қасиеті көлеңкелі орманда, қалың шөп арасында өз жапырағын күн сәулесі түсетін жерге жеткізуіне мүмкіндік береді.
Шырмалғыш өсімдіктер өркенінің басқа өсімдік сабағына оралған жерінің сырт жағы тезірек орала өседі. Шырмалғыш өсімдіктер солға қарай не оңға қарай шырмалып өсе береді. Шырмалғыш өсімдіктер шырмауық, бұршақ, түйе шырмауық тұқымдастары т.б. арасында көбірек кездеседі.