Шоқындыру
From Wikipedia, the free encyclopedia
ШОҚЫНДЫРУ – христиан дінін қабылдаудағы бастапқы жоралғы, діни ғибадат. Шоқындыру дәстүрлі діни конфессия ретінде христиан дінінің негізгі үш тармағының өкілдері: католиктер, протестанттар мен православтар арасында таралған. Ғибадат ретінде әуелгі бастауы Исраил ұрпағына жіберілген Иса пайғамбарға қасиетті төрт кітаптың бірі Інжілдің келуінен басталып, христиандар Құдайдың ұлы деп қабылдаған Иса пайғамбардың шармық ағашқа керіліп өлтірілді деген сенімге байланысты орнықты. Маңдай мен екі иыққа үш саусақты ретімен тигізіп, үш рет еңкею арқылы шармыққа керілген пайғамбарға құрмет көрсету нышаны ретінде пайда болған, шоқыну рәсімі кейіннен христиан дінін қабылдаудың бірден-бір бастапқы шарты ретінде қалыптасты, шіркеу діндарлары христиан дінін қабылдаушыларға шоқындыру рәсімін жүргізуді қағидалық дәстүрге айналдырған. Шоқыну мен шоқындыру рәсімдері жөнінен христиандық дәстүрлі үш тармақтың негізгі салт-жораларында айтарлықтай айырмашылықтар жоқ.