Шешен Республикасы
Ресей Федерациясы құрамындағы республика / From Wikipedia, the free encyclopedia
Шешен Республикасы, Шешенстан (шеш. Нохчийн Республика, Нохчийчоь) — Ресей Федерациясының субъектісі, Солтүстік Кавказдың шығысында орналасқан республика. Аумағы 16,171 км². Солтүстіктен оңтүстікке қарай шамамен 170 км, батыстан шығысқа қарай 100 км-ге созылады. РФ келесі субъектілерімен шектеседі: батысында — Ингушетиямен, солтүстік-батысында — Солтүстік Осетиямен және Ставропол өлкесімен, солтүстік-шығыста, шығыс және оңтүстік-шығыста — Дағыстанмен; оңтүстік-батысында және оңтүстігінде тәуелсіз мемлекет — Грузиямен шектеседі.
Ресей Федерациясының субъекті | |||||
Шешен Республикасы | |||||
орыс. Чеченская Республика шеш. Нохчийн Республика | |||||
Грозныйдағы «Шешенстан жүрегі» атты мешіт | |||||
| |||||
Шатлакхан Илли "Шатлақтың әні" | |||||
Әкімшілігі | |||||
---|---|---|---|---|---|
Ел | |||||
Федералды өңірі |
Солтүстік Кавказ | ||||
Экономикалық ауданы |
Солтүстік Кавказ | ||||
Әкімшілік орталығы | |||||
Басшысы | |||||
Парламент төрағасы |
Магомед Даудов | ||||
Үкімет төрағасы |
Муслим Хучиев | ||||
Тарихы мен географиясы | |||||
Жер аумағы |
17,300 км² (76-шы орын) | ||||
Уақыт белдеуі | |||||
Тұрғындары | |||||
Тұрғыны |
1,395,678 адам (2016 қаңтар) | ||||
Ресми тілдері | |||||
ISO 3166 коды |
RU-CE | ||||
Автокөлік коды} |
95 | ||||
ОКТМО коды |
96000000 | ||||
chechnya.gov.ru (орыс.) | |||||
Солтүстік Кавказ экономикалық ауданының бөлігі және Солтүстік Кавказ федералды өңіріне кіреді.
1978 жылғы Ресей Федерациясы - Ресей (РКФСР) Конституциясының өзгерісіне сәйкес, 1993 жылы 9 қаңтарда құрылды. Шешен Республикасындағы ұрыс қимылдарынан кейін референдум өткізілді, онда 2003 жылғы 23 наурызда тұрғындардың көпшілігі Ресей Федерациясының бөлігі болып қалуға дауыс берді.
Республика басшысы - Р. А. Қадыров (2007 бастап), Парламент төрағасы - М. Х. Даудов (2015 бастап), Үкімет төрағасы - М. М. Хучиев (2018 бастап).
Халық саны 1,4 миллионнан асады, астанасы - Грозный. Мемлекеттік тілдер: шешен және орыс. Уақыт белдеуі Мәскеу уақытына сәйкес, UTC-ден ығысу +3:00 құрайды.