Швеция
Солтүстік Еуропадағы мемлекет / From Wikipedia, the free encyclopedia
Швеция (швед. Sverige (ақп.)), ресми атауы — Швеция Патшалығы (швед. Konungariket Sverige (ақп.)) — Еуропада орналасқан ел. Скандинавия елдерінің бірі. Швеция Корольдігі — Солтүстік Еуропадағы Скандинавия түбегінің шығысы мен оңтүстігін алып жатқан мемлекет. Cолтүстік-батысында Норвегиямен, солтүстік-шығысында Финляндиямен шектеседі. Оңтүстік-шығысын Балтық теңізі, ал оңтүстік-батысын Эресунн бұғазы (Швецияны Даниядан бөліп тұр) мен Каттегат, Скагеррак бұғаздарының сулары шайып жатыр.
Швеция Патшалығы швед. Konungariket Sverige | |||||
| |||||
Ұран: «För Sverige i tiden» | |||||
Әнұран: «Du gamla, Du fria» (тыңдау (ақп.)) | |||||
Тарихы | |||||
---|---|---|---|---|---|
Құрылды | X ғасыр | ||||
Тәуелсіздік күні | 6 маусым 1523 жыл (Кальмар униясынан) | ||||
Мемлекеттік құрылымы | |||||
Ресми тілі | Швед тілі[1][2] | ||||
Елорда | Стокгольм | ||||
Ірі қалалары | Стокгольм, Гётеборг, Мальмё, Уппсала | ||||
Үкімет түрі | Конституциялық монархия | ||||
Патша Премьер-министрі |
Карл XVI Густав Ульф Кристерссон | ||||
Географиясы | |||||
Жер аумағы • Барлығы • % су беті |
Әлем бойынша 55-ші орын 450 295 км² 8,7 | ||||
Жұрты • Сарап (2019) • Тығыздығы |
▲ 10 302 984[3] адам (89-шы) 23 адам/км² (198-ші) | ||||
Экономикасы | |||||
ЖІӨ (АҚТ) • Қорытынды (2019) • Жан басына шаққанда |
▲ 563,882 млрд.[4] $ (39-шы) ▲ 54,628[4] $ (15-ші) | ||||
ЖІӨ (номинал) • Қорытынды (2019) • Жан басына шаққанда |
▼ 528,929 млрд.[4] $ (23-ші) ▼ 51,242[4] $ (12-ші) | ||||
АДИ (2018) | ▲ 0,937[5] (өте жоғары) (8-ші) | ||||
Валютасы | Швед кронасы (SEK) | ||||
Қосымша мәліметтер | |||||
Интернет үйшігі | .se | ||||
ISO коды | SE | ||||
ХОК коды | SWE | ||||
Телефон коды | +46 | ||||
Уақыт белдеулері | +1, жазда +2 |
Швецияның иелігіне сондай-ақ Балтық теңізіндегі Готланд пен Эланд аралдары мен бірнеше ұсақ аралдар да кіреді. Аумағы 449964 км2. Халқы 10,1 млн. Швецияның ұлттық құрамы негізінен бір текті. Халқының 91%-ын шведтер құрайды. Сонымен бірге финндер (3%), саамдар, норвегтер, даттықтар (6%) тұрады. Ресми тілі — швед тілі. Дінге сенушілердің көпшілігі — лютеран шіркеуінің өкілдері (94%), католиктер (1,5%), мұсылмандар мен иудей дініндегілер де бар. Астанасы — Стокгольм қаласы. Ірі қалалары: Стокгольм, Гетеборг, Кальмар, Упсала, Мальме, Хельсингборг (қала халқының үлесі 83%-ды құрайды). Әкімшілік-аумақтық жағынан 21 ленге (губернияға) бөлінеді. Швеция тарихи-географиялық жағынан үшке: Геталанд (оңтүстігінде), Свеаланд (елдің орталық бөлігі), Норландқа (Швецияның ең үлкен аймағы, ел аумағының 60%-ын алып жатыр, солтүстік бөлігі) бөлінеді. Швеция — конституциялық монархия. Мемлекет басшысы — король (Карл XVI Густав, 1973 жылдан). Жоғарғы заң шығарушы органы — бір палаталы парламент — риксдаг. Жоғарғы атқарушы органы — үкімет. Ұлттық мейрамы — швед туының күні, 6 маусым (1503). Ақша бірлігі — швед кронасы. БҰҰ-ның (1946), Солтүстік кеңестің (1952), Еуропа кеңесінің (1995), Еуропа Одағының (1995) Шенген аймағының (1996), НАТО (2024) мүшесі.