Шантунгозавр
From Wikipedia, the free encyclopedia
Шантунгозавр гадрозавр тұқымдастарының ішіндегі денесі ең ұзыны болуы мүмкін. Ол тіпті кейбір зауроподтардан да ұзын болған. 1973 жылы сипатталып, атау берілген. Сүйектері Қытайдың Шаньдонг провинциясынан табылып, солтүстікамерикалық туысы — эдмонтозаврға ұқсайтыны анықталды. Басы — жалпақ, ұзын, тұмсығы мен жақ сүйектерінде тістердің орнына ұқсайтын кішкене ұяшықтар болған. Ұяшықтарының саны — 63, ал оның әрқайсысында алты тістен орналасқан.