Шамшаттар тұқымдасы
From Wikipedia, the free encyclopedia
Шамшаттар тұқымдасы (лат. Fagaceae) — гүлді өсімдіктердің қосжарнақтылар класының көпжылдық ағаш өсімдіктерінің бір тұқымдасы. Шамшаттықтардың 400-ден астам түрі бар, олардың ішінен бұрынғы КСРО-да өсетіндері: емен, шамшат, каштан (талшын).[2]
Шамшаттар тұқымдасы | ||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Holm oak (Quercus ilex subsp. rotundifolia)
| ||||||||||||
Ғылыми топтастыруы | ||||||||||||
| ||||||||||||
The range of Fagaceae.
| ||||||||||||
Genera | ||||||||||||
Castanea - chestnuts |
Жапырақ түсетін және мәңгі жасыл ағаштар, кейде бұталар, басым қоңыржай және субтропикалық облыстарда кеңінен тараған 8 туыс, 950 түрді біріктіреді. Шамшаттар мен емендер жалпақжапырақты орман түзетін негіз болып табылады.
Ағаштар кезекті жай жапырақты, ерте түсетін бөбе жапырақтары бар, гүлдеуі жапырақ ашалғанға немесе ашылғаннан кейін жүреді. Бір үйлі өсімдік, гүл шоғыры дара жынысты. Гүлдері бір жынысты, дұрыс, ұсақ, гүл шоғырының негізгі осінде топтанып немесе бірден орналасады.
Гүл қоршауы қарапайым, түссіз, 4-7 жарнақта. Аталық гүлдеріндегі аталықтары бос, олардың сандары гүл қоршауының жарнақтарының санынан екі есе артады. Аналық гүлдеріндегі аналығы 3-6 жемісжапырақшалы. Түйіні төменгі. Жемісі – жаңғақ. Тұқымы ірі ұрықты эндоспермсіз. Негізгі өкілдері – емен, шамшат, каштан.
Қазақстанда еменнің (орыс. дуб черешчатый - лат. Quercus robur) аязға төзімді 1 түрі өседі, ол Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген. Шамшаттардың ағашы бағаланады, еменнің қабығында дубильді заттар болады оны медицинада қолданады. Каштан мен еменнің жемістерін тамаққа пайдаланады, кофеге суррогат болып табылады. Тығындық еменнен тығын жасайды, шығысазиат еменінің жапырағымен қытай емен жібекқұртының кокондарын қоектендіріп, олардан ерекше жібек сорттарын алады.