Шабдалы
From Wikipedia, the free encyclopedia
Шабдалы (лат. Persіca – парсы) — раушангүлділер тұқымдасына жататын жеміс ағашы. Ауа райы жылы аймақтарда (Оңт. Еуропа, АҚШ, Жапония, Қытай, Түркия, Орта Азия). Шабдалының мәдени сұрыптары кәдімгі Шабдалыдан таралған. Кәдімгі Шабдалының биіктігі 6 – 8 м, жапырақтары кезектесіп орналасқан. Гүлі қос жынысты, түсі қызғылт, сары немесе ақшылдау. Ол 2–3 жылдан бастап 15–20 жылға дейін жеміс береді.
Шабдалы | ||||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Шабдалы
| ||||||||||||||||
Ғылыми топтастыруы | ||||||||||||||||
| ||||||||||||||||
Екі-есімді атауы | ||||||||||||||||
Malus domestica |
Жемісі етжеңді, ішінде сүйегі бар, қышқылтым, шырыны тәтті, құрамында қант, органик. қышқылдар, А, С витаминдері көп. Тұқымында болатын Шабдалы майынан тамақтық заттар мен дәрі жасалады. Әр Шабдалы ағашынан 20 – 120 кг жеміс алынады. Жемісі жастай және кептірілген күйінде (компот, тосап, тәтті сусын, т. б.) пайдаланылады. Өнімді мол алу үшін топырақты құнарландыру, уақытымен суғару және қажетсіз бұтақтарын кесіп, сиретіп отыру керек. Оның өсіп тұрған жерінде арамшөптер болмауы қажет[1].
ТМД-да, Орта Азия республикаларында, Закавказьеде, Қырымда, Дағыстанда, Молдовада, Солтүстік Кавказдың Қара теңіз жағалауында және Қазақстанның оңтүстік облыстарында будандастырылған 50-ден астам сорты өсіріледі. Шабдалының жемісінде 80 – 90 % су, 6 – 14 % қант (оның 5 – 10 %-ы сахароза), 0,5 – 1,2 % пектин заттары, 9,4 – 20 мг % С витамині, 0,6 – 1,0 мг каротин, ал тұқымында 20 – 60%-ға дейін май қышқылдары және эфир майы болады. Жемісі жастай, кептірілген күйінде (компот, варенье, тәтті сусын, т. б.) пайдаланылады. Шабдалы тұқымынан және бадам, алша, өрікпен ұластыру әдісімен көбейтіледі. Өнімді мол алу үшін жыл сайын бұтақтарын шарпып, сиретіп отыру қажет[2].