Хамелеон
From Wikipedia, the free encyclopedia
Хамелеон (Chamaeleontіdae), құбылғы — кесірткелер отряд тармағының тұқымдасы, ағаш өмір салтына бейімделген. Хамелеондар негізінен Африкада және Мадагаскар аралында, кейбір түрлері Азияның оңтүстік пен батыс аумақтарында , 1 түрі Батыс Еуропаның оңтүстігінде кездеседі. 4 туысы, 90-ға жуық түрі белгілі. Дене тұрқы 60 сантиметрдей, араларында ұзындығы 3-5 сантиметрдей ұсақ түрлері де кездеседі. Денесі екі бүйірінен қысыңқы, жон арқасында ұзына бойы орналасқан, үшкірленіп келген қыры бар. Хамелеондардың денесінің көлемі ұлғайып, ісінуі олардың өкпелеріндегі тұйық өскіндер түріндегі ауа қапшықтарына байланысты. Басында өте көп мүйізді және терілі өсінділері бар. Аяқтары едәуір ұзын, ағаш басында өрмелеп жүруге бейімделген. Саусақтары бір-бірімен тұтаса келіп, екеуі алға, екеуі артқа қарай иілген, қысқаш тәрізді. Ширатылған ұзын құйрықтары бұтақтарды орап ұстауға ыңғайлы. Көзінің айналасындағы тұтасып, алға қарай дөңестеліп тұратын, қалың терілі қабақтарының сырты ұсақ қабыршақтармен қапталған. Көздері бір-біріне тәуелсіз, әр түрлі бағытта қозғала алады. Бұл ерекшелігі олардың көру аймағын кеңейтуге мүмкіндік береді. Хамелеондардың терісіндегі өте көп пигментті клеткалар жарықтың, температураның, кенеттен болған тітіргендіргіштердің әсерінен өзгеріп, терісі түрлі түске боялады. Осы қасиетіне байланысты қазақтар құбылғы деп атайды. Аз қозғалады. Қорегін ұзын (ұзындығы 50 сантиметрдей), ұшы жалпақ тілдерін өте тез жылдамдықпен лақтырып жіберіп аулайды. Негізінен омыртқасыздармен қоректенеді, ірі түрлері ұсақ құстар мен кесірткелерді де жейді. Хамелеонның көпшілігі жұмыртқалайды, 35-тей жұмыртқа салады, араларында тірі туатын түрлері де бар. Хамелеондардың кейбір түрінің саны аз, сондықтан қорғауды қажет етеді.
Хамелеон – бұл бауырымен жорғалаушылар классына байланысты Солтүстік Африка, Оңтүстік Испания, Үндістан, және ыстық, құрғақ климатты бірнеше басқа жерлерде өмір сүреді. Хамелеон негізінен қоршаған түсіне сәйкес түсін өзгертумен, ғажайып қабілеті арқасында белгілі. Бұл бүкіл денеңізге теріде арнайы пигменттік жасушаларының кеңейгенінен немесе қысқарғанынан туады. Мұндай бейімделу және қорғаныс механизмі жыртқыштар шабуылдарынан хамелеонді тамаша қорғайды. Хамелеон түсі қоршаған ортаның температурасы өзгергенде, үрей билегенде өзгереді.Екінші белгісі хамелеон көздері бір-бірінен тәуелсіз 180° бұрыла алады.