Халықаралық табиғат қорғау одағы
From Wikipedia, the free encyclopedia
Халықаралық табиғатты және табиғи қорларды қорғау одағы (ХТҚО) (ағылш. International Union for Conservation of Nature and Natural Resources, IUCN) — табиғатты сақтау және табиғи ресурстарды үнемді пайдалану саласында жұмыс істейтін халықаралық ұйым. Ол деректерді жинау және талдау, зерттеу, далалық жобалар, ақпараттық-насихаттау және білім берумен айналысады.
Халықаралық табиғатты және табиғи қорларды қорғау одағы (ХТҚО) | |
ағылш. International Union for Conservation of Nature and Natural Resources (IUCN) | |
Штаб-пәтер: |
Швейцария, Гланд |
---|---|
Ұйым түрі: | |
Басшылары | |
Бас директоры |
Бруно Оберле |
Президент |
Разан әл-Мубәрәк[1] |
Құрылуы | |
ұйымды құру туралы ресми акт | |
www.iucn.org | |
Халықаралық табиғат қорғау одағы Ортаққорда |
Адам баласы жануарлар мен өсімдіктер туралы мәліметтерді, ғылыми фактілерді саралап келіп, оларды қорғау қажеттігі туралы тоқтамға келді. Кейбір өркениетті елдерде жануарларды, өсімдіктерді, ормандарды, өзен-көлдерді корғау туралы мемлекет деңгейінде құжаттар қабылдана бастады. Орыс патшасы I Петр Мәскеу маңындағы ормандар мен оның қойнауындағы табиғат байлықтарының бәрін «патша қазынасы» деп жариялап, жарлық шығарған. Тіптен, езен бойынан 3 км-ге дейінгі жердегі ағашты кескендерді қатаң жазалаған.
Мұндай көзқарастар кейіннен басқа да елдерде қолдау тауып, Еуропа, Ресей, Қытай, Үндістан, Жапония елдері табиғат қорғауға көп көңіл бөлген. Кейбір мемлекеттерде қорықтар, ұлттық саябақтар құрылған. Осындай шаралардың бірі – Халықаралық табиғатты және табиғи корларды қорғау одағы (ХТҚО) еді. Ол 1948 жылы құрылды. (ХТҚО 1990 жылдың желтоқсанынан бастап "Дүниежүзілік табиғат қорғау одағы деп аталады".) Мақсаты — дүние жүзіндегі сиреп немесе құрып бара жатқан аң мен құстарды және өсімдіктердің «Қызыл кітабын» ұйымдастыру болатын. Оған дейін халықаралық «Қара кітаптың» тізімі жасалды. «Қара кітапқа» жер бетінен біржола құрып кеткен аңдар мен құстар енгізілді.