Халықаралық азаматтық авиация ұйымы
From Wikipedia, the free encyclopedia
Халықаралық Азаматтық Авиация Ұйымы (Internatіonal Cіvіl Aviation Organіzatіon, ICAO) — БҰҰ-ның мамандандырылған ұйымы. Мемлекеттер арасында халықар. азаматтық авиация қызметіндегі ынтымақтастықты жүзеге асыратын үкіметаралық ұйым. 1944 ж. Чикагода өткен халықар. конференцияда құрылған. 1947 жылдан жұмыс істей бастады. Мүше елдердің саны — 186 (1996). Штаб-пәтері Монреалда (Канада). Парижде, Бангкокта, Лимада, Мехикода, Дакарда, Найробиде аймақтық бөлімшелері жұмыс істейді. Ұйымның негізгі мақсаты — ұлттық авиакомпаниялар үшін теңдік пен тең мүмкіндіктер негізінде халықар. азаматтық авиация мен әуе қатынастарының экон. дамуына жәрдемдесу. Ұйым авиацияның тех. компоненттеріне: жеке құрамға куәлік беруге, ұшу ережелеріне, авиац. метеорологияға, авиац. карталарға, өлшем бірліктеріне, әуе кемелерін пайдалануға, ұлттық және тіркеу белгілеріне, әуе кемелерінің ұшуға жарамдылығына, авиац. электр байланысына, әуе қозғалысына қызмет көрсетуге, авиац. апатты оқиғаларды іздестіруге, құтқаруға, тергеуге, аэродромдарға, аэронавигац. ақпарат қызметтеріне, қауіпті жүктерді әуемен тасымалдаудың қауіпсіздігіне қойылатын талаптарды айқындайтын халықар. стандарттарды, ұсыныстар мен рәсімдерді белгілейді. Ұйымның басшылық органдары — ассамблея, кеңес және хатшылық.
Халықаралық азаматтық авиация ұйымы International Civil Aviation Organization | |
---|---|
Қысқармасы | ICAO OACI ИКАО إيكاو |
Құрылуы | 1947 сәуір |
Түрі | БҰҰ агенттігі |
Заңды күйі | белсенді |
Бас кеңсесі | Монреаль, Канада |
Ресми торабы | icao.int |