Фитофаг
From Wikipedia, the free encyclopedia
Фитофаг (көне грек тілінен φῠτόν — «өсімдік» + φαγεῖν — «қоректену, жеу») — тек қана өсімдіктекті қорекпен тіршілік ететін жануарлар, көптеген жәндіктер.[1]
Бұл құрлықтық экожүйелердегі әртүрлі таксондар -жәндіктерден бастап (мыс. тропиктік ормандардың негізгі фитофагы термиттер) бұғы, керік, сусиыр, піл тәрізді ірі сүт қоректілер кіретін алуан түрлі топ. Зоопланктонның ұсақ организмдері су экожүйесіндегі негізгі фитофактар болып табылады.