Финвал
From Wikipedia, the free encyclopedia
Финвал «майшабақ кит» немесе «жолақ бауыр» деп аталатын, мұртты кит түріне жататын, теңіз сүтқоректісі. Жотасы сұр немесе қара. Қанаттарының астыңғы жағы мен бауыры ақ түсті болып келеді Олар 85-90 жылға жуық өмір сүреді. Финвал киттеріне кейде косаткалар да шабуыл жасайды. Бұл киттер балық пен шаяндарды көп жейді жазда суық суларға қоныс аударады. Ал қыс мезгіліне қарай көбею үшін жылы сулы аймақтарға оралады. Басы – тегіс, арқасында омыртқа сүйегі бар. Құйрығы үлкен әрі жалпақ.
Финвал киті | ||||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Амандық күйі | ||||||||||||||||
Ғылыми топтастыруы | ||||||||||||||||
| ||||||||||||||||
Екі-есімді атауы | ||||||||||||||||
Balaenoptera physalus (Linnaeus, 1758) | ||||||||||||||||
Fin whale range
| ||||||||||||||||
Subspecies | ||||||||||||||||
|
Олар сағатына 42 шақырым жылдамдықпен жүзеді және қалыпты жағдайда су астында 30 минутқа дейін болады. Мұртты киттер секілді Финвал киті де бүкіл қыс бойы қоректенбей шыға алады. Олар денесінде жиналған майдан қуат алады. Бұл киттер жыныстық жағынан 6-10 жасында жетіледі. Финвал киті көлемі жағынан көк киттен кейінгі екінші кит және ең үлкен сүтқоректі болып табылады.