Фаина Григорьевна Раневская
From Wikipedia, the free encyclopedia
Фаина Григорьевна Раневская (шын есімі Фанни Ги́ршевна Фе́льдман; 27.08.1896 ж.т., Таганрог, Ростов облысы – 19.07.1984, Мәскеу) - кеңес актрисасы, КСРО халық әртісі (1961)[1].
Жекe меншікті театр мектебінде оқыған. Сахналық қызметін 1915 ж. бастады. Қырым, Дондағы Ростов және Мәскеу театрларында ойнады. 1949-1955 ж. және 1963 жылдан Моссовет атындағы театрда қызмет етеді. Трагикомедиялық рольдердің үздік шебері.
Ойнаған негізгі рольдері: Шарлотта, Наташа, Саудагер әйел, Васса Железнова. Киноға түскен: Роза Скороход, Маргарита Львовна т.б.[2]