Түріктердің жартастағы бейнелеулері (петроглифтер)
From Wikipedia, the free encyclopedia
Түріктердің жартастағы бейнелеулері (петроглифтері) — ертедегі түріктердің жартастағы бейнелеулері (петроглифтер) көрінеу көз тартарлығымен және терең символикасымен айрықша болды. Олар мазмұны жағынан екі топқа бөлінеді: біріншісі — салт аттылар, қаумалап аң аулау, көшіп-қону, жекпе-жек бейнеленген көріністер; екіншісінде ертедегі түрік қағанаттарының өзінше бір нышандарына айналған таутекелердің таңба сияқты бейнелері бар.