Тундра
From Wikipedia, the free encyclopedia
Тундра – (саами тілінде tunturі – ормансыз, жалаң тау басы) – солтүстігінде арктикалық шөлмен, оңтүстігінде орманмен шектесетін арктикалық облыстарға тән белдемдік ландшафт типі. Вегетациялық кезең қысқа болуына байланысты көп жылдық өсімдіктер: мүкті-қыналы және бұталы өсімдіктер негізгі орын алады. Жылу жеткіліксіз, ылғал мол болғандықтан өсімдіктер ауаның жер бетіне таяу қабатындағы жылуды пайдалану үшін төселіп немесе жастық тәріздес ұйлығып өседі. Белдемдігіне байланысты: субарктикалық және арктикалық Тундра; түр құрамына байланысты: мүкті, қыналы, бұталы, төмпешікті (шымдар төмпешіктер құрайтын жерлерде) және полигоналды Тундра болып ажыратылады. Тундра негізінен солтүстік жарты шардың арктикалық және субарктикалық белдеулерінде таралған. Тауда, тау орманы шекарасынан жоғарыда биіктік ландшафт белдеуі – тау Тундрасы орналасқан.[1]