Торпеда тасушы
From Wikipedia, the free encyclopedia
Торпеда тасушы (Торпеданосец) — авиациялық торпедалармен ұрыс кемелері мен кәлік кемелерін жоюга, сондай-ақ миналы бөгеттер қоюға арналған ұрыс ұшағы. Торпеда тасушы Екінші дүниежүзілік соғыс кезеңінде кеңінен колданылды. Соғыстан кейінгі уакытта қару-жарак құрамында реактивті торпеда тасушы — бомбалаушылар Ил-28, Ту-14 және Ту-16 болды. 1950 жылдардың ортасында ракета жасау және теңіздегі әуе шабуылына қарсы қорғаныстың күшейтілуіне байланысты су үсті кемелерімен күресуге арналған авиациялық торпедалар өз мәнін жоғалта бастады. Торпеда тасушы орнына ракета тасушылар келді.