Тарақан
From Wikipedia, the free encyclopedia
Тарақан Үйлерде тарақанның 2 түрі кездеседі: жирен (қызыл түсті) және қара. Тарақан негізінен түнде шығады, ал күндіз еден мен қабырғалардың саңылауларына, ас үйдегі стол маңына, еденнің ернеу ағаштарына, плиталарға, жылу және су өтетін қүбырларға, т. б. қуыстарға жасырынады. Азық-түлік және әртүрлі мата, жібек, жүн, қағаз қалдықтарымен қоректенеді. Тарақан азықты былғайды және сонымен бірге ішек құртының жұмыртқалары мен әр түрлі жұқпалы аурулардың қоздырғыштарын (дизентерия, іш сүзек, полиомиелит және т. б.) тасуы мүмкін.