Тан әулетінің батыс түріктеріне қарсы шапқыншылығы
From Wikipedia, the free encyclopedia
VII ғасырда Қытайда үстемдік алған Тан әулеті Батыс Түрік қағанатына қарсы жорықтарын ұйымдастыра бастады.
Батыс пен Шығыс Түрік қағанатының арасындағы текетіресті пайдалана отырып, Тан императоры Тай-цзун 640 жылы Гаочанға (Қарақожа) қарсы, 644 жылы Қарашарға қарсы, 648 жылы Кучаға қарсы жорықтарын жүргізді. Бұл шапқыншылық әрекет император Гао-цзун тұсында да жалғаса берді, ақыры 657 жылғы жеңілістен кейін Батыс Түрік қағанаты Қытайға тәуелді болып қалады.
Ыдырай бастаған Батыс Түрік қағанатының орнына 704 жылы Түргеш қағанаты құрылады.