Сұр шымшық
From Wikipedia, the free encyclopedia
Сұр шымшық (лат. Parus major) - сарыбауыр шымшықтан сәл кішірек шымшық. Сұр шымшықтың негізгі бейнесі сарыбауыр шымшықтың көшірмесінен аумайды, бірақ реңінде сары және жасыл түстер болмайды. Оның жоны - күлгін сұр, бауыры мен екі қапталы - ақ. Қазақстанда бұл ортаазиялық шымшық тек қана оңтүстік шөлді өңірлерде - Қарақұмнан және Арал маңынан Балқаш-Ақкөл қазаншұңқырына дейін қоныстанады. Отырықшы құс, яғни қыста ұялау маңайында шарлап көшпенділік жасайды. Далада өзен аңғарларының торғайлы ормандарын ұнатады, дегенмен елдімекендерге таяу ағаш екпелеріне де орын тебеді.
Сұр шымшық | ||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Амандық күйі | ||||||||||||||
Ғылыми топтастыруы | ||||||||||||||
| ||||||||||||||
Екі-есімді атауы | ||||||||||||||
Parus major Linnaeus, 1758 | ||||||||||||||
Range of current and former subspecies groups
|
Батыс Тәңіртауда тау беткейлерінің төменгі бөлігінің жалпақ жапырақты ормандарына көтеріледі. Ағаш қуыстарында (әсіресе шөл теректері- тораңғыда) және кез-келген қуыстарда: жердегі індерде, жартастар жарығында, тастан және саздан жасалған құрылыстарда , молаларда, т.б. ұялайды. Салындыда 4-8 секпілді жұмыртқалар болады, олардың жұмыртқа басуы және балапандарын қоректендіруі аз зерттелген. Бір жазда 2 рет балапан өргізетіні ғана мәлім.[2]