Су айдауыш мұнара
From Wikipedia, the free encyclopedia
Су айдауыш мұнара[1]' — елді мекендерді сумен қамтамасыз ету жүйесіндсгі су өтімі мен қысымын реттеп отыруға арналған құрылыс. Ол цилиндр тәрізді етіп арнайы болатган немесе темір-бетоннан жасалған бактан (ыдыстан) және оны көтеріп тұратын тіреуіштен тұрады.
Мұнараның биіктігі 25—30 м-ге, бактың сыйымдылығы ондаған м3-ге дейін жетеді. Тіреуіш негізінен болатган, темір-бетоннан, кейде кірпіш немесе ағаштан жасалады. Бак ішіндегі судың қыста қатып қалмауы және ластанбауы үшін ол жылу өткізгіштігі төмен, жеңіл материалмен қапталып, үсті шатырмен жабылады.