Суперқаһармандар фильмі
кино жанры / From Wikipedia, the free encyclopedia
Суперқаһармандар фильмі (кейде Суперқаһармандар жайлы фильм) — суперқаһармандар мен олардың істері жайлы баяндайтын фильм. Суперқаһармандар деп адамға тән емес қабілеттері бар ойдан шығарылған адам кейіпкерлерді атайды. Олар жайлы фильмдерде көбінесе ғылыми фантастика, атыс-шабыс, шытырман оқиғалы фильм, фэнтези жанрларының элементтері болады.
Суперқаһарман фильмдерінің көпшілігі комикстерге негізделген, бірақ сонда да Робокоп пен Darkman сынды тек фильм үшін ойдан шығарылған кейіпкерлер де бар.