Субстрат
Уикипедия:Айрық / From Wikipedia, the free encyclopedia
Субстрат (лат. sub — астыңғы, stratum — қабат, қатпар) — екі тілдің тоғысуы кезінде жеңген тілдің құрамында сақталып қалған жеңілген тілдің іздері. Субстрат жергілікті байырғы тұрғындардың келімсектермен этникалық араласуы нәтижесінде қостілділік арқылы туған тілдік ықпалды білдіреді. Субстратты тудыратын тіл жеңілген тілге туыс болуы да, болмауы да мүмкін. Субстрат құбылыстары тіл жүйесінін барлық деңгейінде кездеседі. Субстрат теориясы 19 ғасырдың басында пайда болған (Я. Бредсдорф), оны кейін 19 ғасырдың 60—80 жылдырында Г. И. Асколи, Г. Шухардт, В. Брёндаль, А. Мейе, О. Есперсен т. б. дамытқан.[1][2]
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына сәйкес болу үшін қайта жазу қажет. Өтінеміз, осы мақаланы жетілдіруге көмектесіңіз. Талқылау бетінде ұсыныстар болуы мүмкін. |