Силикон алқабы
From Wikipedia, the free encyclopedia
Силикон алқабы (ағылш. Silicon Valley) — АҚШ Солтүстік Калифорниядағы Сан-Франциско шығанақ районының оңтүстік бөлігіне орналасқан, әлемдік жоғары технологиялар мен инновациялардың орталығы ретінде танымал аймақ. Географиялық тұрғыда бұл өңір шамамен Санта-Клара алқабына сәйкес келеді.[1][2][3] Сан-Хосе - Силикон алқабындағы ең үлкен қала, ол Калифорнияда үшінші, ал АҚШ-та оныншы қала есептеледі; Силикон алқабындағы басқа ірі қалалар: Саннивейл, Санта-Клара, Редвуд-Сити, Маунтин-Вью, Пало Альто, Менло-Парк және Купертино қатарлылар. Брукингс институтының мәліметі бойынша, Сан-Хосе Метрополитен районы жан басына шаққандағы ЖІӨ бойынша әлемде үшінші орында (Швейцарияның Цюрихі мен Норвегияның Ослосынан кейін) тұрады.[4]
Аймақ | |
Силикон алқабы | |
Silicon Valley | |
Әкімшілігі | |
---|---|
Ел | |
Статусы |
центр |
Сан-Франциско шығанақ районы | |
Тарихы мен географиясы | |
Координаттары | |
Атауындағы "Силикон", яғни латын тілінен аударғанда "Кремний" сөзі кремний негізіндегі MOSFET транзисторлары мен интегралды микросхемаларға маманданған аймақтағы тапқырлаушылар мен өндірушілерге қатысты қалыптасты. Кезекте бұл өңірге әлемдегі ең ірі жоғары технологиялық компаниялары шоғырланған, олардың арасында Fortune 1000-дағы 30-дан астам ірі бизнестің штаб-пәтері және мыңдаған стартап компаниялар орналасқан. Силикон алқабы АҚШ-тағы барлық венчурлік капиталдың үштен бір бөлігін иелейді, бұл оның жоғары технологиялық инновация үшін жетекші хаб және стартап экожүйе болуын белгілеген. Силикон алқабында кремний негізіндегі интегралды микросхемалар, микропроцессорлар және микрокомпьютерлер, жаңа Бағдарламалаулар және смартфон, iPhone секілді ақпарат технологиялары жоғары деңгейде дамыған, зерттейтін және өңдіретін компаниялар тығыз орналасқан. 2013 жылғы жағдай бойынша облыста шамамен ширек миллион ақпараттық технологиялар жұмысшылары жұмыс істейді.[5]
Сан-Хосе мен Санта-Клара алқабы аралығында, одан әрі солтүстіктегі Шығанақ районындағы екі ірі қала - Сан-Франциско мен Оклендке қарай жоғары технологиялық компаниялар көптеп құрыла бастаған кезде, "Силикон алқабы" терминің екі анықтамасы болды: тар географиялық мағынада, ол Санта-Клара округін және Сан-Матео округінің оңтүстік-шығысын көрсетті; ал метонимиялық мағынада, ол бүкіл Шығанақ аймағындағы жоғары технологиялық бизнесті білдірді. Силикон алқабы термині американдық жоғары технологиялық экономикалық сектор үшін синекдоха ретінде жиі қолданылады. Бұл атау сондай-ақ жетекші жоғары технологиялық зерттеулер мен кәсіпорындардың, сондай-ақ әлем елдеріндегі осы секілді құрылымы бар зерттеу парктері мен технологиялық центрлердің әлемдік синониміне айналды.
Адам мен компьютер технологиялары арасындағы тұлғалық байланыстар себепті, көптеген компанияның штаб-пәтері Кремний алқабында туризмдік ыстық нүктеге айналды.[6][7][8]