Серхио Габриель Мартинес
From Wikipedia, the free encyclopedia
Серхио Габриель Мартинес (ис. Sergio Gabriel Martinez; 21 ақпан 1975 жыл, Авельянеда, Аргентина) — орта салмақ дәрежесінде өнер көрсететін аргентиналық кәсіпқой боксшы. Орта салмақтағы WBC және WBO тұжырымы бойынша экс-чемпион, WBC Гауһар белбеуінің иегері. 2012 жылы WBC тұжырымы бойынша чемпион атағын қайта иеленеді. Ең алғаш рет 1997 жылы желтоқсанда жартылай орта салмақта өнер көрсете бастады. Алғашында Аргентинада танымал емес боксшылармен төмен рейтингті кездесулер өткізіп жүрді. 2000 жылы тәжірбиелі мексикандық боксшы Антонио Маргаритодан нокаутпен жеңіліп қалады.
Серхио Мартинес | |
Sergio Gabriel Martinez | |
Жалпы мағлұмат | |
---|---|
Толық есімі |
Серхио Габриель Мартинес |
Лақап аты |
Маравилла |
Азаматтығы | |
Туған күні | |
Туған жері | |
Тұрғылықты жері |
Үлгі:SPN, Мадрид |
Салмағы |
орта салмақ (73 кг дейін) |
Тұрысы |
солқай |
Бойы |
178 см |
Қолдың қарқыны |
191 см |
Рейтингтері | |
BoxRec рейтинг бойынша позициясы |
5 (553 ұпай) |
Кәсіби карьерасы | |
Алғашқы айқасы | |
Соңғы айқасы |
7 маусым 2014 жыл |
Айқастар саны |
56 |
Жеңгендер саны |
51 |
Нокаутпен жеңгені |
28 |
Жеңілгендер саны |
3 |
Тең түскендері |
2 |
Айқас екі боксшы үшін өте ауыр болады, бірақ Маргарито 4 раунда қарқынын үдетеді, ақыры 7-ші раундта рефери, техникалық нокаутпен мексикандық жеңді деп шешіп, айқасты тоқтатады. 2001 жылы жартылай орта салмақта Аргентина чемпионы атағын иемденеді. 2002 жылы 2 ақпанда тәжірбиелі боксшы Франсиско Антонио Мораны (34-3) жеңсе, 2003 жылы 21 маусымда Мартинес британдық Ричард Уильямсты жеңеді де IBO тұжырымы бойынша бірінші орта салмақта чемпион атанады. 2003 жылы қазанда IBO тұжырымының экс-чемпионы британдық Адриан Стоунды (33-4-2) жеңіп атағын қорғап қалады.