Сатурнизм
From Wikipedia, the free encyclopedia
Сатурнизм (лат. Saturnus - қорғасын) — адамдардың корғасынмен созылмалы улануы; жүйке жүйесі тарапындағы өзгерістерден, бастың ауруынан, тез шаршағыштықтан, жүріс-тұрыстың бұзылуынан, жадтың нашарлауынан, сөздің, көру және есту функцияларының бұзылуынан, қан құрамының өзгеруінен, жүрек-қан тамыр жүйесінің кінәратынан және басқа нышандардан көрінеді.
Қорғасын интоксикациясының төмен деңгейінің өзі балалардың ақыл-ой және дене күші толысуының едәуір төмендеуіне апарып соғады.[1]
Қорғасынмен улану өндіріс орындарында, қорғасын зауыттарында, қорғасынды еріту кезінде, қорғасынды кабель өндірісінде, аккумуляторға арналған пластинкалар жасалғанда, иондалған сәулелерден қорғану үшін қолданады және барлық кемелер қабатпен қорғасынмен жабылған, сондай-ақ хрусталь дайындау үшін тағайындалады. Қорғасын t -550С-та буланады, краска ретінде қолданады (қорғасынды белила, сурик). ШРЕК - 0,01 мгм3.
Қорғасын зауытында қорғасын аэрозолін орташа жылдық концентрациясы - 0,213 мгм3, ал максималды концентрациясы - 0,266 мгм3 құрайды. Созылмалы улану ағзаға субтоксикалық дозада ұзақ уақыт түскенде дамиды, нәтижесінде мүшелер мен жүйелерде депо жиналады.
Қорғасын және оның бейорганикалық қосылыстары «политропты әсер ететін улардың» қатарына жатады. Қорғасын адам ағзасына бу күйінде тыныс алу жолдары арқылы, асқазан-ішек жолдарымен түседі. Өндіріс орындарында негізгі түсу көзі болып тыныс алу, ал асқазан ішек жолы – қосымша саналады.
Қорғасын - өкпедегі капилляр арқылы сіңіріледі, қанда айналымға түсе бастайды. Альбуминат түрінде альбуминмен байланысады, мұнда 2 байланысу болады. Сүйек тініне жиналып, 3-к фосфат түзіледі, егер 2-к фосфатқа ауысса, онда ерігіштік үдерісі жүріп, аурудың өршуі басталады. Қорғасын сондай-ақ бауырда, көкбауырда, ұйқы безінде күштірек жиналады және қорғасыннан тез айырыла алады.
Негізгі шығу көзі тоқ ішектен қорғасынның 2/3 бөлігі, ал қалған бөлігі бүйрек, тер бездері, сүт бездері, сілекей бездері арқылы шығады.