Румын тілі
From Wikipedia, the free encyclopedia
Румын тілі (өз атауы— limba română, ['limba ro'mɨnə]; сондай-ақ бұрындары валаш, влаш, волош, валахо-молдаван тілі) — Роман тілдерінің балқан-роман топшасына кіретін Үнді-Еуропа тіл. Таралуы бойынша роман тобындағы испан, португал, француз және итальян тілдерінен кейінгі бесінші тіл. Типологиялық айырмашылықтарының себебінен салыстырмалы лингвистикада дак-румын тілі деп те аталады[1]. Румынияда (халықтың басым бөлігі үшін ана тіл және негізгі ауызекі тіл) және Молдова Республикасында (Конституциялық соттың шешіміне сәйкес) ресми мәртебеге ие[2][3]. Кейбір қазіргі заманғы лингвистер[4] "румын тілі" мен "молдаван тілі" деген терминдерді бір тілдің әртүрлі атауы (лингвоним) деп есептейді[5], ал өзге дереккөздер[6][7][8] болса, молдаван тілін өз алдына бөлек шығыс роман тілі деп есептейді[9].
Румын тілі | |
Өз атауы: |
Limba română |
---|---|
Елдер: |
— |
Классификация | |
Санаты: |
??? |
— | |
Тіл коды | |
МЕСТ 7.75–97: |
рум 565 |
ISO 639-1: |
ro |
ISO 639-2: |
rum және ron |
ISO 639-3: |
ron |
Тағы қараңыз: Жоба:Лингвистика |
Румын тілі Римнің Балқан түбегінің шығысын жаулап алғаннан кейін көшіп барған отаршылардың ауызекі-диалект латын тілінің негізінде қалыптасты. Бұл тіл жергілікті тілдердің (дак, фракия) субстрат әсеріне, ал кейінірек славян және жаңа грек тілдерінің адстрат және суперстрат әсеріне ұшырады[10].
Әлемдегі румынша сөйлейтіндердің жалпы саны — шамамен 24 миллион адам[11], ал румын тілі ресми болып келетін елдердегі жалпы халық саны шамамен 28 миллион адам (әлемдегі романтілді топтардың шамамен 5 %-ы)[12]. Румын тілінде бай көркем және ғылыми әдебиет жазылған.