Реактивтік артиллериялық ұрыс машиналары
From Wikipedia, the free encyclopedia
Реактивтік артиллериялық ұрыс машиналары (Боевые машины реактивной артиллерии) — жылжымалы көлік құралдарына орнатылған, бірнеше реактивтік снарядтар ұшыруға бейімделген ұшыру қондырғылары. Реактивтік артиллериялық ұрыс машиналары — карсыластың ядролық шабуыл құралдарын жою, оның атыс құралдарын, ұрыс техникағы мен тірі күштерін құрту, сондай-ақ қорғаныс ғимараттары мен өзге де маңызды объектілерін талқандау міндеттерін атқарады. Реактивтік артиллериялық ұрыс машиналары өз міндеттерін қысқа уақыт аралығында дүркіндете оқ атып, қарсыласқа кенеттен соққы беру арқылы орындайды.[1]