Парсы шығанағы
From Wikipedia, the free encyclopedia
Парсы шығанағы (парсы: خلیج فارس [Халидж-е-Фарс]; араб елдерінде — араб.: الخليج العربي [Әл-халидж-әл-Араби] — Араб шығанағы) — Иран мен Араб түбегінің арасындағы шығанақ. Ормуз бұғазы арқылы Оман шығанағы, Араб теңізі және Үнді мұхитына шығады. Гидрологиялық режим бойынша жерорта теңізі болып табылады.
Парсы шығанағы | |
Ғарыштан көрінісі | |
Сипаттамасы | |
---|---|
Ауданы | 239 000 км² |
Көлемі | 9100 км³ |
Жағалау сызығының ұзындығы | ≈5 500 км |
Тереңдігі | 102 м |
Орташа тереңдігі | 36 м |
Суды жинау ауданы | ≈1 400 000 км² |
Орналасуы | |
26°54′17″ с. е. 51°32′51″ ш. б.26.90472° с. е. 51.54750° ш. б. / 26.90472; 51.54750 (G) (O) (Я) (T) | |
Елдер | Иран Ирак Кувейт Сауд Арабиясы Катар Бахрейн БАӘ Оман |
Парсы шығанағы Ортаққорда |
Шығанақтың ауданы — 239 000 км², Оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа қарай 926 километрге созылған, ені — 180—320 км. Көпшілік бөлігінде тереңдігі 50 м-ге жетпейді, ең терең жері 115 м. Ең ірі аралдары: Кешм, Бубиян, Бахрейн.
Парсы шығанағының жағалауындағы елдер — Оман, Біріккен Араб Әмірліктері, Сауд Арабиясы, Катар, Бахрейн, Кувейт, Ирак және Иран. Парсы шығанағына Тигр мен Евфраттың қосылуынан пайда болған Шатт әл-Араб өзені құяды. Бұл аймақтың атауын «Араб шығанағы» деп атағысы келетін араб елдері даулайды.
Парсы шығанағының ауданы бай мұнай қорына байланысты геосаяси тұрғыдан өте маңызды. Осыған орай 1991 жылғы соғыс Парсы шығанағы соғысы деп аталды (негізгі қақтығыс құрлықта болғанымен).
Тау алды тектоникалық иінінде жайласқан. Жағалауларына жақын жатқан аралдар (Бахрейн, т.б.) көп, оңтүстік бөлігінде маржан рифтері таралған. Субтропиктік ендіктердегі орнына және қатты қызатын құрлықтың әсеріне байланысты суының температурасырасы мен тұздығы жоғары. Судың беткі қабатындағы температура шілдеде 350С-қа дейін жоғарылайды. Бұл дүниежүзілік мұхит бойынша ең жоғары темпертура. Тұздығы 37 – 39‰. Шығанақтың түбінде және оған іргелес аудандарда мұнайдың дүние жүзі бойынша орасан зор қоры шоғырланған. Ол Парсы шығанағының мұнайлы-газды алабын құрайды. Балық аулау, меруерт жинау дамыған. Кеме қатынасы үшін маңызы зор. Басты порттары: Басра (Ирак), Абадан, Бендер-Шахнур (Иран), Әл-Кувейт (Кувейт), Рас-Паннура (Сауд Арабиясы), Манама (Бахрейн), Умм-Саид (Катар).