Отан алдындағы қызметі үшін ордені
From Wikipedia, the free encyclopedia
«Отан алдындағы қызметі үшін» ордені (кейде тағы «Отанға сіңірген еңбегі үшін», орыс. Орден «За заслуги перед Отечеством») — Ресей Федерациясының мемлекеттік марапаты. 1994 жылдың 2 наурызында президенттің 442-Жарлығымен бекітілді.[1] 1998 жылы Әулие Андрей ордені қайта құрылғанға дейін Ресей Федерациясының ең жоғары ордені еді.