Ортағасыр кезеңінің антропологиясы
From Wikipedia, the free encyclopedia
Ортағасыр кезеңінің антропологиясы — ертедегі ортағасырдағы Қазақстан тарихы жергілікті мекендеушілердің бүкіл қоғамдық-саяси құрылысы мен этникалық-мәдени өмірінің мүлдем өзгеруімен ерекшеленеді. Сол кезден бастап Орталық Азияның ұлан-байтақ аумағы, соның ішінде Қазақстан да ертедегі түріктердің қуатты этникалық-мәдени қауымдастығының өрісіне енді. Бұл аумақ ауқымында түрік тайпалары үшін ең белсенді тарихи орталық Алтай болды, шамамен алғанда, б. з. б. V ғасырда Ашина әулеттік руының өмір сүруі кезінен одан әрі солтустік-батысқа қарай қоныстанып, Оңтүстік Сібірдің көп бөлігін, Қазақстанды, Орта Азияның солтүстік және шығыс бөлігін, Еділ бойын, Шығыс Еуропаға дейін қамтыған көшпелі түріктердің негізгі көпшілігі сол жерден шыққан.
Бірқатар ғасырлар бойы Орталық Азиядан шыққан өзге тайпалардың экспансиясынан гөрі, жергілікті мекендеушілермен бірте-бірте және ұзак уақыт бойы этникалық-мәдени бірігу, көбінесе қан араластыру басты орын алған Ұлы дала белдеуінің тарихи дамуының бүкіл барысы түркі тілдес тайпалардын бір-біріне одан әрі ықпал етуі мен этникалық-саяси одақтары мен мемлекеттерінің құрылуы үшін берік негіз дайындады.