Овираптор
From Wikipedia, the free encyclopedia
Овираптор — шағын денелі, құс тектес, қорек талғамайтын динозавр. Денесінің ұзындығы 2-2,4 метрге жуық, салмағы - 36 келі. Жануар сидиған артқы екі ұзын аяқтарымен жылдам қимылдайтын болған. Икемді, иілгіш мойыны, ұзын құйрығы, аяқтарында үш саусақтан болған. Тырнақтары иілген. Үлкен тырнақтарының ұзындығы 8 см-ге жеткен. Овираптор қорек талғамаған. Бұл, негізінен, динозаврларға тән қасиет емес. Динозавр ет, жұмыртқа, дәндер, жәндіктер және өсімдіктерді талғамай жей берген. Ол осыдан 88 - 70 миллион жыл бұрын, жоғары тектоникалық белсенділік кезеңі саналатын кейінгі Бор дәуірінде өмір сүрген.