Нил Олден Армстронг
From Wikipedia, the free encyclopedia
Нил Олден Армстронг , ағылш. Neil Alden Armstrong (Тамыздың 5, 1930 – Тамыздың 25, 2012)— АҚШ ғарышкері (астронавты). Айға ең бірінші аяқ басқан адам.
Астронавт | |
---|---|
Азаматтығы | АҚШ |
Туған | 05.08.1930 Вапаконета, Огайо, АҚШ |
Қайтыс болғаны | 25.08.2012 |
Алдынғы мансабы | сынаушы ұшқыш |
Ғарыштағы уақыт | 8 күн 14 сағат 10 минут |
Іріктелуі | MISS; Dyna-Soar; Astronaut Group 2 |
Тапсырыс(тары) | Gemini 8, Apollo 11 |
Тапсырыс рәмізі |
Нил Армстронгтың айға ұшуы Джон Кеннедидің одан алты жыл бұрынғы берген уәдесі еді. КСРО-ның ғарышты зерттеуі, ғарышқа адамды ұшыруы оған себебін тигізді. Жас кезінде авиамоделдеу спортымен айналысқан. 1949 жылы әскери-теңіз училищесін (Флорида штаты), 1955 жылы Пердью атындағы университетті (Индиана штаты) бітірген. 1955 — 1962 жылдары Эдуардс авиация базасы (Калифорния штаты) мен АҚШ Аэронавтика және ғарыш кеңістігін зерттеу жөніндегі басқармасында (НАСА) сынаушы ұшқыш болды. 1962 жылы НАСА орталығындағы астронавтар құрамына қабылданды. 1966 жылы астронавт Д. Скоттпен бірге “Джемини-8” ғарыш кемесінің командирі болып Жер төңірегінде ұшты. 1969 жылы 16-24 шілдеде “Аполло-11” ғарыш кемесінің командирі ретінде адамзат тарихындағы тұңғыш Айға ұшу сапарына (астронавтар Э. Олдрин және М. Коллинзбен бірге) қатысты. Э. Олдрин екеуі Ай бетінде 21 сағат 36 минут болып, ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізді. Астронавтардың Айға сапары 8 тәулік 3 сағае 18 минутқа созылды. Ғарышқа Нил Армстронгпен бірге Эдуин Олдрин және Майкл Коллинз ұшты.