Назарбаев ордені
From Wikipedia, the free encyclopedia
«Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев» ордені — «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті» туралы Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңымен 2001 жылғы 1 қаңтарда белгіленген.
«Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті — Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев» ордені | |
---|---|
Мемлекет | Қазақстан |
Түрі | Орден |
Жағдайы | беріледі |
Негізделді | 2001 жыл |
Алғашқы иегері | 2004 жыл |
Соңғы иегері | 2021 жыл |
Барынша ұсынылған | 38 адам |
Жоғары марапаты | «Отан» ордені |
Төменгі марапаты | «Барыс» ордені |
«Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев» орденімен марапаттау Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Отан алдында сіңірген ерекше еңбегін атап өту құрметіне азаматтардың мемлекеттік және қоғамдық қызметте сіңірген ерекше еңбегі үшін жүргізіледі.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 3 мамырдағы № 180-II Заңының негізінде Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың құрметіне құрылған.
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың орденімен Қазақстан Республикасына сіңірген ерекше еңбегі үшін шет мемлекеттер мен үкімет басшылары марапатталуы мүмкін.
Жоғары ерекшелік дәрежесімен марапатталған азаматтарды «Отан» орденімен немесе Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев орденімен марапаттау Қазақстан Республикасы Үкіметі белгілейтін Қазақстан Республикасының Даңқ кітабына жазылады.