Мұңлы жексенбі
From Wikipedia, the free encyclopedia
"Мұңлы жексенбі" (ағылш. Gloomy Sunday, Мажарша: Szomorú vasárnap), кейде "Венгерлердің суицид музыкасы" деп те, "Қараңғы жексенбі" деп те аталады, - Мажар пианисті және композиторы Ре́жё Шереш ( Rezső Seress) 1933 жазған популяр ән.
Ре́жё Шерештің бұл әйгілі әні ғашығынан айырылған жанның аса ауыр күйзелісті күйінде жазылған. Музыкадағы ауыр мұңлы үн кейін талай өзін өлтірушілерге себепкер болған делінеді. Тіпті бір мезгіл BBC бұл әнді өз радиосында қоюдан бас тартып, шектеген болатын.[1] Дегенмен осы ән себебінен өлушілер туралы нақты дерек жоқ. Сондықтан мұны жай дақпырт дейтіндер де көп.
Әннің алғашқы нұсқасы "Аяқталған әлем" (The world is ending) деп аталып, оның мәтінінде соғыс тудырған қасіретті айыптаған болатын.[2] Көп өтпей ақын Лазло Яавор (László Jávor) осы мұзыкаға арнап өлең сөз жазады. Өлеңде жарынан айырылған ғашықтың мұңдана күңіреніп, өз-өзіне қол салуды қалайтыны айтылады.[3] Ән 1935 жылы Венгерияда "Мұңлы жексенбі" деген атпен таспаға жазылып жарияланады. Осы кейінгі нұсқадағы өлең сөзге жазылған ән әлемге кең тарайды да, алғашқы нұсқасы негізінен ұмытылады.
Әнді 1936 жылы Sam M. Lewis пен Desmond Carter деген кісілер ағылшын тіліне аударып жариялайды.[4] Осы нұсқасында "Суицид" сөзі қолданылған, тақырыпты да "Венгерлердің суицид музыкасы" деп аталған. Сол кезден бастап "осы әнді естіп талай адам суицид жасапты" деген өсек батыс қоғамына кең таралады.[5]
1941 жылы АҚШ әншісі Билли Холидей (Billie Holiday) осы әнді айтады.[6]